Үмбет қалпе (халфе) Дүйсенбіұлы (XIX ғасырдың ортасы - XX ғасырдың басы) - Қордай өңірінде өмір сүріп, Орта Азия қазақтарының халфесі атанған ірі қоғам және дін қайраткері.

Дулат тайпасының Жаныс руынан. Әкесі Дүйсенбі халфенің ісін жалғастырып, халыққа білім беру, мәдениетін көтеру ісіне көп еңбек сіңірген. Діни кітаптармен қатар, шығыс әдебиетін, қазақтың жарық көрген қисса-дастандарын, жыр кітаптарын жинаумен айналысқан. Діни қызметтеріне орай, қазақ даласын аралау кезінде шежіре жинай жүрген. Ол Кеңес үкіметі қудалауынан мерт болған.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Санат:Дін Санат:Ислам