Итемір – Қалба және Бала Қосмұрын жоталарының аралығындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Жарма мен Көкпекті аудандарының шекарасында орналасқан. Егінбұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км жерде. Абсолюттік биіктігі 831 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км.

Жер бедері Солтүстік-батыс беткейі тіктеу келген. Пішіні сопақша, Көкпекті өзенінің аңғарында орналасқан.

Геологиялық құрылымы Палеозойдың тақтатас, құмтас және интрузивті жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырағында далаға тән өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдалануға қолайлы.Қазақстан энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары Санат:Көкпекті ауданы таулары