Құспанов Сейфолла (13.11.1929, Атырау облысы Махамбет ауданы - 29.8. 1978, Алматы) - әдебиет зерттеуші, филологиялық ғылыми кандидаты (1966), доцент (1974).Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Атырау педагогикалық техникумын (1947), Ресейдің Вольск қаласындағы әскери авиация-техикалық училищесін бітірген (1956), ҚазҰПУ-ды (1963), аспирантурасын бітірген (1966). 1947 - 1950 жылы Махамбет ауданында мұғалім, 1967 - 1971 жылы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, 1971 - 1975 жылы ҚазҰПУ-да доцент, 1975 - 1978 жылы Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде, ҚазТАГ-та аудармашы болып қызмет істеген.

Шығармашылығы Казахская литература. Алматы, 1972 (телавтор)

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар