Нұржан Кемерұлы Әшімбетов (26 маусым, 1969, Чёрное, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы) — қазақстандық саясаткер, Қазақстан Мәжілісінің VI және 2023 жылдан бері VIII-сайланымдарының депутаты.

Әшімбетов бұрын Лебяжі ауданының (2001–2006), Петропавлдың (2009–2012), Павлодардың (2016–2018), Екібастұздың (2018–2019) және Ақсудың (2021) әкімі болған.

Өмірбаяны Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Алматы мал дәрігерлік институтын (1993) зоотехник мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика институтын (2002) «Бухесеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылдан - Алматы мал дәрігерлік институтының студенті. 1987 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызмөттө. 1993 жылдың маусымынан - «Сәуле» концернінің брокері. 1993 жылдың қазанынан - Павлодар аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің маманы. 1994 жылдан - «Мақсат» жастар тұрғын үй кооперативінің мүшесі. 1995 жылдан - Павлодар аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің бас маманы. 1996 жылдан - ЮСАИД жобасы «Карана» корпорациясының кеңес берушісі. 1996 жылдың желтоқсанынан - «Remek» консалтингтік фирмасының директоры. 1997 жылдан - К. Әшімбетов атындағы өндірістік кооператив төрағасы. 1998 жылдан - «Кемер» агрофирмасының директоры. 1999 жылдан - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары.

2001 жылдан - Павлодар облысы Аққулы ауданының әкімі. 2006 жылдан - Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры. 2008 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2009 жылдың қазаны - 2012 жыл аралығында Петропавл қаласының әкімі. 2012 жылғы 1 ақпаннан - Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары. 2016 жылғы 13 сәуірден - Павлодар қаласының әкімі.Павлодар қаласының әкімі тағайындалды

Марапаттары «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (1999) марапатталған.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Ақылова Мәншүк Бекетқызы (1972 ж. т.). Балалары - Әшімбетов Ерлен (1992 ж. т.), Әшімбетов Астан (1998 ж. т.), Кемер Дәмәлі (2004 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:26 маусымда туғандар Санат:1969 жылы туғандар Санат:Аққулы ауданында туғандар Санат:Аққулы ауданының әкімдері Санат:Петропавл әкімдері Санат:Павлодар әкімдері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері