300px|right|thumb|Бекмырза Еламанов Бекмырза Қайыпұлы Еламанов (1 қаңтар, 1950 жыл, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қорқыт стансасы) - Қармақшы ауданының әкімі (1995-2001), Жаңақорған ауданының әкімі (2008-2014), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2014 жылдан бері).

Өмірбаяны Әкесі - Еламанов Қайып, теміржолшы болған. Анасы - Еламанова Зағи, үй шаруасымен айналысқан. Алматы мал дәрігерлік институтының зоотехника факультетін (1974) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша; Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар институтының экономика факультетін (2000) экономист мамандығы бойынша бітірген. 1966-1969 жылдары - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жусалы кентіндегі №149 АКТУ слесары. 1974 жылдан - Қармақшы ұжымшаралық бордақылау алаңшасының зоотехнигі, бас зоотехнигі. 1976 жылдан - Қармақшы аудандық ауылшарбірлестігінің бригадирі, бас зоотехнигі. 1981 жылдан - Қармақшы ауданының «III Интернационал» ұжымшары бордақылау алаңының бригадирі. 1983 жылдан - Қазақстан Компартиясының Қармақшы аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1984 жылдан - «III Интернационал» ұжымшарының Қармақшы комитетінің хатшысы. 1987 жылдан - Қармақшы аудандық «Қуаңдария» кеңшарының директоры. 1990-1992 жылдары - Қармақшы аудандық Халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары. 1994 жылдан - «III Интернационал» ұжымшарының төрағасы. 1995 жылдан - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі. 2001 жылдан - «Шапағат Лимитед» ЖШС директоры. 2004 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылдың тамызынан - Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2008-2014 жылдары - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі. 2012-2014 жылдары - Қызылорда облысы маслихатының депутаты. 2014 жылдан бері - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Атақтары мен шендері

Әскери атағы - запастағы подполковник.

Марапаттары

«Құрмет» (2007) ордені; «Астана» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Еламанова Венера Әбілқасымқызы, зейнеткер. Ұлдары - Еламанов Жаңалық Бекмырзаұлы, Еламанов Жасұлан Бекмырзаұлы, Еламанов Нұрлан Бекмырзаұлы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Алматы мал дәрігерлік институты түлектері Санат:Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар институты түлектері Санат:Қармақшы ауданының әкімдері Санат:Жаңақорған ауданының әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері