Бауыржан Нұрбекұлы Байділдә (12 желтоқсан, 1962 жыл, Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қызылсай ауылы) - суретші, Қазақстан Көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті.
Өмірбаяны Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1981) «Станоктық кескіндеме» мамандығы бойынша; Алматы мемлекеттік көркем-театр институтын (1989) монументалдық өнер суретшісі мамандығы бойынша бітірген. ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті. «Қазақтың дәстүрлі кілөмдері» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуда. 1989 жылдан - Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының (қазір - Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы) оқытушысы. 2002 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Академиялық сурет» кафедрасының меңгерушісі 2004-2005 жылдары -тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры. 2008 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Кескіндеме және мүсін» факультетінің деканы.
Еңбектері Келесідей монумент алдық еңбектердің авторы: «Интерьердің өрнекті әшекейі» (шипажай, Янгиюль қаласы, Өзбекстан, 1989); «Авиация» интерьер сграффитосы (Жетіген қаласы, 1987); «Халықтар достығы» (Шет тілдер институтының витражы, Алматы қ.); Алматы қаласының жаңа әуежайының VIP-залының әрлемесі; «Алматы кафедралдық соборы» (2004); станоктық «Кеш» (1989) «Ата» (1990) «Туған жер» (1993) «Әке» (1994) «Қыз Жібек» (1996) «Шыңғысбай батыр» (2004) «Алматы» (натюрморт, 2006) «Т. Жүргенов» (портрет, 2007) «Көкпар» (2007). «Әліппе» (1994), «Ана тілі» (2-4-ші сыныптарға арналған, 1997-2003), «Дүниетану» (4-ші сыныпқа арналған), «Әдебиет» (5-ші сыныпқа арналған, 2004) оқулықтарына иллюстрациялар жасаған.
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Айдос НҰржамал (1968 жылы тұған), үй шаруасымен айналысады. Қыздары - Алуа (1990 жылы туған), Т. Жүргенов атындағы ҚазҮӨА студенті; Аяжан (2007 жылы тұған); Ұлы - Айбек (1992 ж. т.), Т. Жүргенов атындағы ҚазҮӨА колледжінің оқушысы.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:12 желтоқсанда туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Қордай ауданында туғандар Санат:Aлматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденттері Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушылары