Мұхит Ғазизұлы Мырзалиев-Ақанаев (12.01.1989, Алматы) - фотограф.
Әкесі - Ғазиз Қадырұлы Мырзалиев (1970 жылы туған), кескіндемеші. Анасы - Ботагөз Амандосқызы Ақанаева (1971 жылы туған), кескіндемеші.
А. Ақанаев пен Л. Оразбекованың Мектеп-студиясының өнертану, кескіндеме, сурет және композиция факультетін бітірген (2005), суретші-мәдениеттанушы. Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеме, графика және мүсін, көркем фото. Арт-нысандар-«Музыканттар», «Бетперделі әйел», «Панк-Дива», «Күнсұлу», «Гербарий», «Ұлы қорған» Қуыршақтар циклының; «Қала рухы» циклынан «Темір текті анархист», «Сақтардың аң стилі» жұмыстар циклының авторы. 2005 жылдан - «Shahar культура» журналының штаттан тыс фотографы. Кескіндеменің топтық көрмесі (Лаваль қаласы, Канада, 1998), «Ұлы көшпенділер алаулары» (Астана қаласы, 2001), Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайындағы (2004) отандық және халықаралық көрмелерге қатысқан. Жұмыстары «Шежіре», «Has-Sanat» және басқа галереяларда қойылған. Жұмыстары Қазақстан, Канада, Испанияның мәдени қорлары жинақтарында, сондай-ақ Қазақстан, Венгрия, АҚШ, Канаданың жеке коллекцияларында сақталуда. ЮНЕСКО жанындағы сыншылар мен өнертанушылардың Халықаралық Ассоциациясы (АІСА) ұлттық секциясының мүшесі. ҚР Көркемөнер академиясының графика бөлімінің мүшесі. ЮНЕСКО жобасы - халықаралық «Балалар әлемді суретке салады» конкурсының лауреаты. «Шабыт» жастар конкурсының 2-ші сыйлығымен және медалімен мараптталған (Астана қаласы, 2006). Бойдақ.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:12 қаңтарда туғандар Санат:1989 жылы туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан фотографтары Санат:Алматыда туғандар Санат:ЮНЕСКО жанындағы сыншылар мен өнертанушылардың Халықаралық Ассоциациясы мүшелері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясы мүшелері