Ерғали Жақсыбекұлы Сыдыманов (7.04.1970 жыл, Қарағанды қаласында туған) - медицина ғылымдарының докторы. Қазақ.

Білімі С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын (1996) гигиенашы-дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (2010). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Ірі қалалардың су тазарту кондырғылары аймағындағы қоршаған орта және тұрғындар денсаулығын гигиеналық бағалау».

Еңбек жолы 1987 жылдан - Жамбыл қаласы Жедел медициналық көмек стансасының санитары. 1988 жылдан - ҚазКСР (ҚР) Мемлекетсанэпидбақылау Жамбыл облысы коммуналдық гигиена бөлімшесінің меңгерушісі. 1999 жылдан - Атырау қалалық СЭС бас дәрігерінің орынбасары. 2000 жылдың ақпанынан - Атырау қаласы СЭС бас дәрігері. 2001 жылдың мамырынан - «Пульс» ЖК санитарлық дәрігері (Атырау қаласы). 2001 жылдың қыркүйегінен - Атырау облыстық СЭС бас маманы. 2003 жылдан - Талдықорған қаласы Мемлекетсанэпидбақылау басқармасының бастығы. 2005 жылдың қаңтарынан бері - Алматы облысы Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры.

Қоғамдық қызметі «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан). «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау ының Талдықорған облысы бойынша төрағасы.

Марапаттары «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдары «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2005) белгісі.

ШеніӘскери атағы'' - медицина қызметінің аға лейтенанты.

Отбасы Әкесі - Сыдыманов Жақсыбек, зейнеткер, Жаңа Жамбыл фосфор зауытының цех бастығы болып жұмыс істеген. Анасы - Сыдыманова Ұмытшақ Мамашбайқызы, зейнеткер, Тараз қаласы педагогикалық училищесінің оқытушысы қызметін атқарған. Үйленген. Жұбайы - Сыдыманова Толқын Мұратқызы, «Қарамай PLUS» ЖШС мұнай базасының бас есепшісі (Талдықорған қаласы). Ұлдары - Жақсы-Мұрат, Иманғали, Исламғали.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:7 сәуірде туғандар Санат:1970 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Тараз мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан эпидемиологтары Санат:Медицина ғылымдарының кандидаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері