Нариман Бахытұлы Таушов - Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының Төрағасы

Білімі мен еңбектері Гурьев политехникалық техникумының техникалық бөлімшесін (1986) техник-электрик мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының экономика факультетін (1993) ауылшаруашылық өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша үздік; М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін (2006) бітірген.

Салық заңнамасы, мемлекеттік сатып алулар және сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы 30-дан астам мақала мен жарияланымның авторы.

Өмірбаяны 1967 жылы 21 қаңтарда Гурьев облысы Теңіз ауданының Еңбекші ауылында туған. Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан).

1986 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте (Ауғанстан). 1993 - 1998 жж.- Орал қаласы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы, салық комитеті төрағасының орынбасары.

1999 жылдың сәуірінен - БҚО бойынша Салық комитеті Салық төлеушілермен жұмыс басқармасының бастығы, 1999 жылдың маусымынан - салық комитеті төрағасының орынбасары. 2001 жылдан - Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы. 2002 жылдан - БҚО бойынша Салық комитетінің төрағасы. 2005 жылдан - БҚО бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы. 2007 жылдың қаңтарынан - Атырау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы м.а., 2007 жылдың маусымынан - комитет төрағасы. 2008 жылдан - ҚР қаржы министрлігі Салық комитетінің Атырау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы. 2010 жылы шілде айынан бастап - БҚО Орал қаласы бойынша Салық басқармасының басшысы. 2013 жылы тамыз айынан бастап - Атырау қаласы "Аққамыс" АҚ Төрағасының кеңесшісі. 2015 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы. 2020 жылдан - Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы. 2021 жылы наурыздан бастап - Атырау облысы әкімінің орынбасары. 2022 жылдың қазан айынан бастап - Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының Төрағасы. Семей қаласы.

Марапаттары мен атақтары «Ауған халқынан алғыспен» (1987), «Үздік жауынгерлік қызметі үшін» (1988), «КСРО қарулы күштеріне 70 жыл» (1988), «Ауғанстандағы соғыс ардагеріне» (1998), «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 15 жылдығы»'' (2003) медальдарымен; КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының (1988), ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің (2001) құрмет грамоталарымен марапатталған. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдерінің алғыс хаттарымен ескерілген. ҚР Салық қызметінің үздігі (2008). «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған» мерекелік медаль (2011), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған» мерекелік медаль (2016), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған» мерекелік медаль (2021),«Құрмет» Ордені (2024).

Әскери атағы - сержант.

Жеке өмірі Діни көзқарасы - ислам дінін ұстанады.

Хоббиі - жүзу, балық аулау, бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.

Отбасы Әкесі -Таушов Бахыт Ғұмарулы (1928-2005), Гурьев облысы Теңіз ауданының ЖТҚ слесарь-механигі болып жұмыс істеген. Анасы - Таушова Нұрзипа Ысқаққызы (1929-2010).

Үйленген. Жұбайы - Таушова Танзиля Елегенқызы (1971 жылы туған), жеке кәсіпкер. Қыздары - Таушова Диана Нариманқызы (1990 жылы туған), Таушова Іңкәр Нариманқызы (1992 жылы туған); ұлы - Таушов Нұрдәулет Нариманұлы (2001 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер