Қаракөлболды, Қарақұлболды – Ханқашты тауының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының батысында, Нұра өзенінің қайнар көзінің солтүстік -шығысында 10 км жерде. Солтүстік -шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, ені 2,5 км, ең биік жері 1,1 мың м.
Геологиялық құрылымы Тас көмір және пермь граниттерінен түзілген.
Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында боз, сұлыбас, селеу өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары