Болат Әнапияұлы Тілепов (6 ақпан, 1978 жыл, Шымкент облысы Кентау) - Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2003).

Өмірбаяны Әкесі - Тілепов Әнапия, зейнеткер, шахтер болған. Анасы - Жүсіпбекова Есенкүл, зейнеткер, мейірбике болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін бітірген (2000); саясаттанушы, саясаттану пәні оқытушысы. 2001 жылдың мамырынан - Қазақстан даму институтының Саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері. 2001 жылдың тамызынан - «Стратегия» талдау орталығының сарапшысы, ғылыми хатшысы (Алматы қаласы). 2002 жылдан - Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері, қоса атқарумен - «Стратегия» талдау орталығы директорының орынбасары. 2005 жылдан - Алматы қаласы әкімі аппараты Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқару хатшылығының меңгерушісі. 2006 жылдан - Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары. 2008 жылдан – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары. 2010 жылдан бері - Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы.

Ғылыми жұмыстары Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының саяси жүйесін дамытудағы дәстүрліліктің алатын орыны мен рөлі». Саясаттану ғылымдарының докторы дәрежесінің ізденушісі. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саясаты: Қазақстан Республикасы және әлемдік тәжірибе». «Дәстүр және саясат» (2004) кітабының; ішкі саясат және қоғамдық үдерістер мәселелеріне арналған 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Оразалиева Бәтима Асылханқызы (1979 жылы туған), Алматы қаласы Білім беру басқармасының бас маманы. Ұлы - Аят (2007 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:6 ақпанда туғандар Санат:1978 жылы туғандар Санат:Кентауда туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан саясаттанушылары Санат:Саясаттану ғылымының кандидаттары Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері