Қайыржан Кәрімұлы Тілеубергенов - 1955 жылы 7 қарашада Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. Қазақ. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1981), тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. Арғын тайпасы Қаракесек руы Сарым бұтағынан шыққан.

1972 жылдан - Қарағанды облысы Шет ауданының «Нұраталды» кеңшары жөндеу шеберханасының токары. 1974 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті. 1981 жылдың тамызынан - Қарағанды облысы Ақадыр ауданының М. Мәметова атындағы ОМ мұғалімі. 1981 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан ЛКЖО Шет аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1984 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шет аудандық комитетінің нұсқаушысы, парткабинет меңгерушісі. 1990 жылдан - Қарағанды облысы Шет ауданының «Просторненский» кеңшарының партком хатшысы. 1991 жылдан - Қарағанды облысы Шет аудандық әкімшілігі басшысының көмекшісі. 1997 жылдан - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі. 2001 жылдың ақпанынан - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің орынбасары м.а.; 2001 жылдың шілдесінен - әкімнің орынбасары. 2008 жылдың шілдесінен бері - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Шет ауданында туғандар