Болат Фазылұлы Үркімбаев (24 мамыр, 1952 жыл, Өзбекстан, Самарқан облысы, Катта-Қорған қаласы) - техника ғылымдарының кандидаты, профессор (2006).

Өмірбаяны Әкесі - Үркімбаев Фазыл, марқұм, әскери қызметкер болған. Анасы - Үркімбаева Диляфруз, марқұм, үй шаруасымен айналысқан. Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесінің автоматтандыру және механикаландыру факультетін (1976) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін (2008) «Заң ғылымы» мамандығы бойынша бітірген. 1976 жылдан - Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының аға дәріскері, доценті. 1984 жылдан – Қазақ химия-технология институтының доценті, кафедра меңгерушісі. 1991 жылдан - Қазақ химия-технология институтының докторанты. 1994 жылдан - «Шарт» ЖШС президенті; еуропалық қаржы тобының бизнес-кеңес берушісі (Англия, ОАР, Израиль, Ресей). 1997 жылдан - Шымкент қаласы әкімінің экономика жөніндегі кеңесшісі; «Оңтүстік Қазақстан инвестициялық орталығы» ЖШС президенті. 2003 жылдан бері - Түркістан облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Басқармасының бастығы. ОҚО Тәртіптік кеңесінің төрағасы (2007 жылдан).

Ғылыми жұмыстары Техника ғылымдарының кандидаты (1982). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Тісті берілістердің қажалуын зерттеу». М. Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры (2006 жылдан). 2 монографияның және 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. 9 авторлық куәлігі бар (1976-1991).

Марапаттары «Құрмет» ордені (2007); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалі

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Үркімбаева Елена Нығметқызы (1951 жылы туған), қорғаушы. Қыздары - Виктория (1974 жылы туған), Эльвира (1981 жылы туған). Немерелері - Лютфия, Болат, Ләйля.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:24 мамырда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Катта-Қорғанда туғандар Санат:Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті түлектері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты оқытушылары Санат:Қазақ химия-технология институты оқытушылары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері