Сарықұлжа – Тайшек және Талды өзендерінің аралығындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 30 км жерде. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-ге, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері 1246 м. Солтүстік батыс беткейінде бұлақ көздері бар.
Географиялық құрылымы Жоғары карбон жасындағы жыныстардан түзілген.
Өсімдігі Қызыл коңыр топырағында өлең, сұлыбас , селеу, бетеге өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары