Шаңтимес – Шат өзенінің жоғарғы ағысының оң жағалауындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, аудан орталығы - Ботақара кентінің солтүстік-шығыс жағыңда 60 км, Семізбұғы тауының солтүстік-батысында 110 км жерде. Ең биік жері 738 м. Ұзындығы мен ені 6,5-7 км шамасында.
Геологиялық құрылымы Кей жерлерде тау жыныстары мен тас көмір гранитоидтарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері өзен аңғарларымен, сайлармен тілімденген. Солтүстік-шығыс және солтүстік беткейлері тік құламалы, оңтүстігі жазық келеді.
Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында бетеге, жусан, қараған өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы таулары