Нехорошев Владимир Анфианович (1945 ж. т.), инженер-механик, қоғам қайраткері.
Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1967). 1968 жылдан Қарағанды металлургия комбинатында (қазіргі «Миттал Стил Теміртау» ААҚ) істейді. Ауысым бастығы, комсомол, партия қызметінде, комбинат бас механигінің орынбасары, бас социолог болады. 1991 жылдан комбинат кадрлар даярлау бөлімінің бастығы. 2004 жылдан Парламент Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитетінің мүшесі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты (1999, 2003).
II дәрежелі «Достық», III дәрежелі Қасиетті Сергий Радонежский (2010) ордендерімен; «Ерен еңбегі үшін» (2000), «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің Алғысымен ескерілген.
Үйленген. Жұбайы - Нехорошева Ильдия Андреевна (1944). Қызы - Светлана (1968); ұлы - Владимир (1974). Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:1945 жылы туғандар Санат:19 шілдеде туғандар Санат:Осакаров ауданында туғандар Санат:II дәрежелі Достық орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Еңбекте үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері