Жанат Әубәкірұлы Хаджиев (Қажиев; 1 мамыр 1949 жыл, Алматы облысы – 9 сәуір 2017 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық театр режиссері, театр педагогы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003) және тәуелсіз "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Өмірбаяны Жанат Хаджиев 1949 жылғы 1 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалғанда дүниеге келген. Хаджиевтің ұлты — қазақ. Әкесі — Қажиев Әубәкір, марқұм, қызметкер болып істеген. Анасы — Жандосова Мира, марқұм, қызметкер болып істеген.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (2009 жылдан) және «Режиссер өмірі» кітабының (2008), монографияның (2009) авторы.

Білімі Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1956–1966 жылдары Мектеп қабырғасында оқыған. 1967–1972 жылдары КСРО Ленин орденді Мемлекеттік академиялық Кіші театры жанындағы М.С.Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесінің актерлік факультетін актер мамандығы бойынша (Мәскеу) 1975–1980 жылдары Алматы мемлөкеттік театр-көркем сурет институтының режиссерлік факультетін режиссер мамандығы бойынша (1980) бітірген.

Еңбек жолы 1972 жылы алғашқы еңбек жолын Торғай облыстық драма театрын ашуға жолдама алып бастаған. 1972 жылдан — Торғай облыстық Қазақ музыкалық-драма театрының актері. 1973 жылдан — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1974 жылдан — Торғай облыстық қазақ музыкалық-драма театрында актер. 1979 жылдан — «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы режиссері. 1982 жылдан — Торғай облыстық қазақ музыкалық-драма театрында бас режиссер. 1988 жылдан — Жезқазған облыстық театрында бас режиссер. 1999 жылдан бері — Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы-режиссері. 2000 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс оқиды, профессор (2009 жылдан бастап).

Өз өмірі Діни көзқарасы — мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идөалы — Маргарет Тэтчер. Хоббиі — кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті — проза.

Жанат Хаджиевтің жұбайы: актриса, Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, Білім беру ісінің үздігі, Құрмет орденінің иегері Рәшида Хаджиева.

Марапаттары Құрмет орденімен марапатталған 2016 — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі 2016 — Қазақстанның Еңбек ардагері медалі 2009 — Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (ғылыми атағы) 2004 — тәуелсіз "Платинды Тарлан" сыйлығының лауреаты 2003 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 1982 — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Қазақстан театр педагогтары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Санат:Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары