Наршоқы – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 62 км жерде. Батыстан шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр, ені 5-7 км, абсолюттiк биіктігі 1108 м.

Жер бедері Сай, жыралармен тілімделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлақтарға бай, кішігірім 9 өзен басталады, олардың ірілері: Шотайсу, Қаражартас. Жаз жайлау, қыс қыстауға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары