Мұхит Кәрімұлы Ізбанов - 1951 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы, Ащысай кентінде туған. Қазақ. Анасы - Ізбанова Таразы Жаппасқызы (1930 жылы туған), зейнеткер, «Ақтөбе» кеңшарында жұмысшы болған. Орал ауыл шаруашылығы институтын (1973) ғылым-зоотехник мамандығы бойынша; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1994) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан). 1973-1982 жылдары - Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданы Прогресс ауылы В.И. Ленин атындағы ұжымшардың зоотехник-сұрыптаушысы, бас зоотехнигі, кәсіподақ комитетінің төрағасы, басқарма төрағасының орынбасары. 1983-1989 жылдары - Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданы Хлебодаровка ауылы «Хлебодаровский» кеңшары партия комитетінің хатшысы. 1990-1993 жылдары - Халық депутаттары кеңестерінің жұмысы, басқаруды және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі, ҚР Жоғары Кеңесінің сыртқы қатынастар және парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның м.а. 1992-1993 жылдары - ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының вице-президенті. 1994-1996 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон департаменті бастығының бірінші орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік үдерістерді талдау және болжау бөлімінің маманы, бөлім бастығы, босқындармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы. 1998 жылдан - ҚР Көші-қон және демография агенттігі Көші-қон басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары. 2004 жылдан - ҚР II Арнайы қорғау қызметі бас басқармасының бастығы. 2006 жылдың ақпанынан - «Теміржолжылу» АҚ аппаратының басшысы. 2006 жылдың тамызынан бері - Атырау облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аумақтық басқармасының бастығы - Тәртіптік кеңесінің төрағасы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты (1990-1993). «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2007) марапатталған.
Әскери атағы - полиция полковнигі. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің 50 үздік елдерінің қатарына кіру». Хоббиі - қазақ халқының тарихы. Сүйіп оқитын әдебиеті - кітап оқу.
Үйленген. Жұбайы - Мұңайтбасова Күләш Хамитқызы, педагог. Қыздары - Гүлмира (1975 жылы туған), Әлия (1984 жылы туған); ұлдары - Ерлан (1976 жылы туған), Қайсар (2000 жылы туған). Немерелері - Даниал (2004 жылы туған), Жанболат (2010 жылы туған).
Санат:Тұлғалар Санат:Ауыл шаруашылығы