Ерлан Амантайұлы Өтешев (6.09.1971, Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық әкімдігі, Шахан кенті) - мемлекеттік қайраткер. Қазақ.
Білімі Қарағанды политехникалық институтын (1994) «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты зерттеу» мамандығы бойынша бітірген, тау-кен инженері.
Еңбек жолы 1988 жылдан - Қарағанды политехникалық институтының студенті. 1995 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін - Қазақстан-поляк «Глинкар» біріккен кәсіпорынының диспетчері (Қарағанды). 1995 жылдың қарашасынан - ҚР Қарулы күштері қатарында қызметте. 1998 жылдан - «Бүркіт» өндірістік кооперативінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері (Шахтинск). 1999 жылдан - «Суканал» өндірістік кооперативінің диспетчері (Шахтинск). 2000 жылдың сәуірінен - Шахтинск қаласының әкімі аппаратының жетекші маманының м.а. 2000 жылдың қыркүйегінен - коммуналдық шаруашылықты басқару және реформалау бөлімінің жетекші маманы. 2001 жылдан - Новодолинск кенті әкімінің орынбасары. 2002 жылдан - Шахтинск қаласының әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бастығы, әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2004 жылдан - «Тентек жылу энергетика стансасы» ЖШС атқарушы директоры (Қарағанды). 2005 жылдан - «Дизель Плюс» ЖК коммерциялық директоры (Қарағанды). 2006 жылдың мамырынан - Қарағанды қаласының әкімі аппаратының қаланың өмірін қамтамасыз ету мәселелерін талдау мен үйлестіру бөлімі бас маманының м.а. 2006 жылдың маусымынан - бас маманы, бөлім бастығы. 2007 жылдан - Қарағанды облысы әкімі аппаратының инспекторлық ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы, меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдан - инспекторлық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылдың қаңтарынан - Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылдың ақпанынан - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі. 2011 жылдан бері - Приозёрск қаласының әкімі.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2 2011-2013 жылдары Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы болды.Өтешев Ерлан Амантайұлы. Өмірбаян 2013 жылғы 16 ақпанда Е. Өтешов автөкөлік жүргізу барысында абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеті бойынша айыпталып, қамауға алынған. «Қамау» түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жоюға ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 2 бөлігімен қозғалған Е.А.Өтешовке қатысты істің бітімгершілікке келуіне байланысты ҚР ҚК 67 бабының негізінде істі қысқартуға негіз болған.Адам өлтірген шенеунік қамаудан босатылды
Дереккөздер
Санат:6 қыркүйекте туғандар Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Шахтинск әкімдері Санат:Приозёрск әкімдері