Бахтияр Бағашарұлы Байсейітов (25 қыркүйек, 1971 жыл, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы кенті) - балуан, грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы (2010 жылдан), Әлем чемпионы.
Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (2001) бітірген, спорттан жаттықтырушы. 2010 жылдан бері - грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы.
Жетістіктері КСРО Халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Запорожье, 1991); грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Хиросима, 1993; Гуанжоу, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995); Азия ойындарының (Бангкок, 1998) жеңімпазы. Азия және Океания чемпионатының (Бангкок, 1997) жеңімпазы. Әлем чемпионатының (Евле, 1998) жеңімпазы. Азия чемпионатының (Филиппин, 1995; Сеул, 2000) жеңімпазы. Атақтары КСРО спорт шебері (1989). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1995). Жыл спортшысы (1998). Марапаттары ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы құрметіне орай ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған. «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (1999). Отбасы Әкесі - Байсейітов Бағашар Жылқайдарұлы, марқұм. Анасы - Байсейітова Людмила Яковлевна, зейнеткер. Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Маржан (1973 жылы туған), интерьер дизайнері. Ұлдары - Бағашар Санжар Бахтиярұлы (1994 жылы туған), Байсейітов Сәлім Бахтиярұлы (1996 жылы туған); Қызы - Байсейітова Інжу Бахтиярқызы (2004 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:25 қыркүйекте туғандар Санат:1971 жылы туғандар Санат:Қарғалыда (Жамбыл ауданы) туғандар Санат:Қазақстан балуандары Санат:Еркін күрестен әлем чемпиондары Санат:Күрестен Азия чемпиондары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының балуандары Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының балуандары Санат:Грек-рим күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының аға жаттықтырушылары Санат:КСРО спартакиадасының күміс жүлдегерлері Санат:Грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы түлектері