Ербол Ғұмарұлы Салықов (10.07.1964 жыл, Орал облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақазан кенті) - Шыңғырлау ауданының әкімі (2004-2006). Қазақ.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген (1985), инженер-механик.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1985 жылдан - Орал мемлекеттік аңшылық кәсіп шаруашылығының (Орал облысы Жаңақала ауданының Жаңақала ауылы) бас инженері. 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жаңақала аукомының бірінші хатшысы. 1991 жылдан - «Орал» ШК (Орал облысы Жаңақала ауданының Жаңақала ауылы) директоры. 1993 жылдан - Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары. 2002 жылдан - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдық-бақылау жұмыс бөлімінің бас инспекторы, меңгерушісі. 2004 жылдан - Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының әкімі. 2006 жылдан бері - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Батыс Қазақстан облысы аңшылар және балықшылар қоғамының мүшесі.

«Құрмет» (2009) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастығы аға лейтенанты.

Үйленген. Жұбайы - Салықова Мария Молдағалиқызы. Қыздары - Фатима, Нұрида; ұлы - Досқан.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:10 шілдеде туғандар Санат:1964 жылы туғандар Санат:Жаңақала ауданында туғандар Санат:Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті түлектері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Шыңғырлау ауданының әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан аға лейтенанттары