Белоусова Маргарита Васильевна - 1929 жылы 6 наурызда Алматы қаласында туған. Орыс.
Әкесі - Белоусов Василий Васильевич, бухгалтер болып жұмыс істеген. Анасы - Белоусова Анна Ивановна, үй шаруасымен айналысқан.
Алматы мемлекеттік консерваториясының арнаулы фортепьяно факультетін бітірген (1952), педагог, концертмейстер.
1950 жылдан - Қазақ мемлекеттік консерваториясының Алматы музыкалық училищесінде арнаулы фортепьяно педагогы. 1967 жылдан - қосымша қызмет ретінде К. Байсейітова атындағы Республикалық музыка мектебінде арнаулы фортепьяно педагогі. 1970-1985 жылдары - арнаулы фортепьяно бөлімінің меңгерушісі.
1993 жылдан - зейнеткерлік демалыста.
Оқушылары арасында Қасенова, Құспанова, Устюжанина, Сұлтанова, Горенман, Новгородский, Мөзенцева, Мазницын, Абдуллаева, Тілеуова, Исакова тәрізді көрнекі пианистер бар.
«ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1975), «Еңбек ардагері» медалімен (1984) марапатталған.
Діни көзқарасы - православиелік.
Хоббиі - тауға шығу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - А.П. Чехов, А.С. Пушкин, Г. Гессе.
Жұбайы - Кельберг Анатолий Витальевич, марқұм, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының дәріскері болған, Еңбек сіңірген өнер қызметкері. Қызы - Ольга; ұлдары - Антон, Георгий.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар