Болтаева Хайна Әділбекқызы - 1957 жылы 2 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында туған. Қазақ.

Әкесі - Болтаев Әділбек Сайлауұлы, ҰОС ардагері, еңбек ардагері, шопан, шахтер болған. Анасы - Болтаева Бикен Жұмабекқызы, тыл еңбеккері, батыр-ана.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестрлік факультеті халық бөлімін (1980) «қобыз», оның ішінде концерттік орындаушы, оқытушы, мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық оркестрінің әртісі. 1995 жылдан - «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің әртісі.

1996 жылдан бері - К. Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі.

Аспапшылардың Құрманғазы атындағы I Республикалық конкурсының лауреаты (1983).

ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1994).

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды технологиясы жоғары, серпінді, демократиялық мемлекет ретінде көру».

Хоббиі - аспаздық, тоқыма.

Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем және музыкалық әдебиет.

Қызы - Абаханова Әйгерім Есқайырқызы (1986 ж.т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар