Сәуле — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Жидебай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Тоқырау өзенінің бойында, аудан орталығы – Ақтоғайдың солтүстік-батысында 15 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1929 жылы Оян, Сәуле ұйымдары болып қаланған. Ауылдық округ аумағында Сәуле, Киров, Пушкин, Тельман, Буденный ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1952-1954 жылдары Сәуледе машина трактор станциясы (МТС) ашылып, трактор жөндеу шеберханасы салынды. 1968 жылы - «Қоңырат» кеңшары және Киров ауылдық кеңесінің орталығы. Жерінің жалпы ауданы 142,2 мың га. Шаруашылықтың негізгі бағыттары - қой, ірі қара өсіру, қосымша саласы - егін егу болды. Кеңшар негізінде 72 шаруа қожалығы құрылған (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1303 725 543 74,9 357 266 74,5 368 277 75,3

Инфрақұрылымы Округ елді мекендерінде Үшарал, Қарақой , Жалаңаш, Көрпетай ауылдары, 5 мектеп, ОДА, клуб, «Сарыарқа» ұлт аспаптар оркестрі, кітапхана, басқа да мәдни-тұрмыстық мекемелер бар. Ауыл Қарағанды – Ақтоғай тас жолы бойында орналасқан. Ең жақын Сәкен Сейфуллин (бұрынғы Жарық) темір жол станциясы 176 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері