Бақытжан Төлеужанұлы Жоламанов (16 тамыз, 1966 жыл, Өзбекстан, Самарқан қаласында туған) - Павлодар қаласының әкімі (2009 жылдан бастап).
Өмірбаяны Алматы халық шаруашылығы институтын (1991) экономист мамандығы бойынша; Д.А. Қонаев атындағы университетті (2001) бітірген. 1991 жылдың сәуірінен - ғылыми-өндірістік кәсіпорынның экономисі, «Геожүйе» ҒЗК ӨҚБ бастығы (Алматы қ.). 1991 жылдың желтоқсанынан - «Галаксис» ААҚ бас бухгалтері (Алматы қ.). 1993 жылдан - «Асетан» акционерлік компаниясы директорының орынбасары, директоры, президенті. 1998 жылдан - «Golden Grain Group» корпорациясы» ЖАҚ президенті (Петропавл қ.). 2003 жылдан - Астана қаласы Турғын үй департаменті бастығының м.а., бастығы. 2004 жылдан - ҚР Президенті істері басқармасының ведомствоға қарасты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі (Астана қ.). 2005 жылдан - Алматы қалалық әкімдігінің «Алматы-жер» МҚК директорының м.а., директоры. 2007 жылдың наурызынан - «Қазақстан Эксим-банкі» АҚ басқарушы директоры (Алматы қ.). 2007 жылдың қазанынан - «Ортаазияэнергомонтаж» тресі» АҚ басшылығы төрағасының орынбасары (Алматы қ.). 2009 сәуірінен бері - Павлодар қаласының әкімі.
Марапаттары «Құрмет» орденімен марапатталған (2001).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:16 тамызда туғандар Санат:1966 жылы туғандар Санат:Самарқанда туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Павлодар әкімдері Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Қонаев атындағы университет түлектері Санат:Құрмет орденінің иегерлері