Анар Айтбайқызы Мұздаханова (1964 жылы 25 мамырда Қостанай облысы Амангелді ауданының Қарасу ауылында туған) - музыкант.

Өмірбаяны П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің музыка факультетін (1986) домбыра классы, концерт орындаушысы мамандығы бойынша; Арқалық педагогикалық институтын (1998) оқытушы, ансамбльдің жетекшісі мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылдан - Арқалық пионерлер үйі ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі. 1991 жылдан - Ақмола облыстық филармониясының солисі. 1998 жылдан бері - Мемлекеттік филармонияның жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі (Астана қ.).

Концерттері мен еңбектері Белсенді концерттік жұмыстар жүргізеді. Астана қаласында екі мәрте жеке концерт өткізген, Қазақстанның қалаларында гастрольдік сапарларда болған, Ресейде (Мәскеу қ.), ҚХР (Пекин қ.), Мажарстан (Будапешт қ.), Түркияда (Анкара қ.), Оңтүстік Кореяда (Сеул қ.), Ұлыбританияда (Лондон қ.) фольклор өнерін көрсеткен.

«Бабалар үні» (2002) кітабының тең авторы.

Марапаттары Республикалық аспапшылар конкурсы 1-ші сыйлығының лауреаты (Ақтау қ., 1991) «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1994). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2010).

Жеке өмірі Ұлты - Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан). Әкесі - Мұздаханов Айтбай Мұздаханұлы (1941 ж. т.), зейнеткер, электринженері болған, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Анасы - Мұздаханова Ханзада (1942 ж. т.), зейнеткер, гинеколог болған. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Ақмұрзинов Сүйіндік Омарұлы (1959 ж. т.). Ұлы - Саят (1983 ж. т.); қызы - Әйгерім (1988 ж. т.).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан музыканттары Санат:Домбырашылар