Сәбит Борисұлы Есмұратов– агроном, экономист, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы (2000), професор. Қысқаша өмірбаяны
1995 Халықаралық жоғары мектебі; 1995 ақпараттандыру және аграрлық білім академияны; 1971 Қостанай ауыл шаруашылық институтын; 1971-86 Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми−зерттеу институты) аспирантурасын бітірген соң осы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер; 1986–91 Қостанай ауыл шаруашылық институтында доцент, деканның орынбасары, проректор; 1992- ректор; 1991-92«Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жұмыс істеді; 2000 жылдан Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің және Халықаралық аграрлық білім академиясы Қостанай бөлімшесінің президенті.
Еңбектері «Экономические основы специализации сельскохозяйственных производственных кооперативов Северного Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктер технологиясын жетілдіру мен топырақ құнарлылығын арттыру және қолданбалы экономика мен экология мәселелері. Сәбит Борисұлы 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография және оқу құралдарының авторы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Дереккөздер
Сілтемелер іріккен диссертациялық кеңес ОД 18.08.01
Санат:Тұлғалар Санат:1949 жылы туғандар