Владимир Яковлевич Филимонов (2.01.1936 жыл, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауылы) - шаңғы спортынан жаттықтырушы. Орыс. Өмірбаяны Әкесі - Филимонов Яков Иванович, марқұм. Анасы - Филимонова Федосья Ивановна, марқұм. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1959), жаттықтырушы-оқытушы. 1959 жылдан - Өскемен педагогикалық институтының оқытушысы. 1960 жылдан - теміржол транспорты жүйесінде жұмыс істеген. 1965 жылдан - Алматы қаласы Республикалық жоғарғы шеберлік мектебінің аға жаттықтырушысы. 1974 жылдан - шаңғы жарысынан КСРО құрама командасының жаттықтырушысы, аға жаттықтырушысы. 1990 жылдан - шаңғы жарысынан ҚР құрама командасының бас жаттықтырушысы. 1998 жылдан - ШҰКД бақылау бөлімінің, жоғарғы жетістіктер спорты бөлімінің бастығы. 2001 жылдан - шаңғы жарысынан ҚР аға жаттықтырушысы. 2009 жылдан бері - шаңғы жарысынан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы.
Шәкіртері Шаңғы жарысынан чемпиондар - Иван Гаранинды, Владимир Смирновты тәрбиелеген.
Шендері Қазақ спорт және туризм академиясының қысқы спорт түрлері кафедрасының Құрметті профессоры (2003 жылдан бері).
Шығармалары «Шаңғы жарыстары» (2008), «Өмірмен жарысқан шаңғы жолы» (2008) кітаптарының авторы.
Марапаттары
КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1988); «Қажырлы еңбегі үшін »медалімен (1976) марапатталған.
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Галина Яковлевна Филимонова, зейнеткер, суға секіруден ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:2 қаңтарда туғандар Санат:1936 жылы туғандар Санат:Шемонаихада туғандар Санат:Қазақстан орыстары Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессорлары Санат:Өскемен педагогикалық институты оқытушылары Санат:Шаңғы спортынан КСРО құрамасының аға жаттықтырушылары Санат:Шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушылары Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген спорт қайраткерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері