Масса - 1. денеге әсер ететін күшке қатысты оның инерттілігі, заттың саны; 2. электртізбектің екінші сымы ретінде пайдалынылатын көлік құрылғысының шанағы, қаңқасы және басқа металл бөлшектері.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Жүктемелемейтін масса - аспаның серпімді элементтеріне берілмейтін автомобиль бөлшектерінің массасы. Нормативті масса - пайдалануы бойынша бекітіліп белгіленген көліктің массасы. Тасымалдайтын жүктің массасы - номиналды жүк көтергіштік. Рессорға әсері бар масса - автомобиль бөліктерінің аспаның серпімді элементтеріне беріліетін массасы. Пайдалы масса - жүктің жолаушылардың, жүргізушінің және жарақтардың массасы. Көліктің толық массасы - транспортты құрылғылар өзінің массасы және жүк пен жолаушылардың массасы, номиналды жүк көтергіш пен жолаушылардың берілген көлікке сыйымдылығына сәйкес келетін. Көлік құралының өзіндік массасы - көлік құралының өзінің массасының және жарақтар массасының қосындысы. Көлік құралының құрғақ массасы - жүксіз, жолаушысыз және жарақсыз көлік құралының массасы. Шассидің құрғақ массасы - дайындаушы көрсеткен, қозғалысқа керек агрегаттардан ғана тұратын шасси массасы. Кабинасы бар шассидің құрғақ массасы - шассидің құрғақ массасы мен қозғалыс үшін толық жарақтандырылған кабинаның массасының қосындысы. Тағы қараңыз: Қозғағыштың массасы Дереккөздер
Санат:Транспорт