Машина- энергияны, материалды, ақпаратты өзерту үшін механикалық қозғалысты орындайтын құрылғы.
Жүк көтергіш машина - атқарылатын іс-әрекеті цикл бойынша жекеленген жүк көтеріп жылжытуға арналған (мысалы: көтергіш, кран, шығыр) жүк көтергіш-көліктік машина. Ақпараттық машина - ақпаратты өндеуге қолданатын машина. Жүк тиеуші түсіруші машина- жүкті қысқа арақашықтықка тасымалдап, жүкті тиеп, жүкті түсіретін жұмыстарды орындайтын көтергіш-көліктік машина (мысалы: автотиегіш, көп шөмішті жүк тиегіш, темір жол вагондарының жүгін түсіру машинасы). Көтергіш-көлік машина - көлік көлбеу және тік участкелерден туратын жол бойынша адамдарды және жүктерді тасуды іске асыратын көліктік машина. Жұмыс машинасы - материалдарды түрлендіру үшін механикалық қозғалыстарды орындайтын және материалдарды түрлендіретін машина. Өздігінен жүретін машина - қозалып жылжу үшін жетегі, өз қозғалтқышы бар кез келген машина. Технологиялық машина - бұйымдар мен материалдардың өлшемдерін, пішіндерін қасиеттерін, өзгертетін жұмыс машинасы. Тасымалдағыш машина - көп жүкті үздіксіз ағынмен жылытатын көтергіш көлік машинасы (мысалы: пневмо көлікті құрылым, фавитациялық құрылым, тасымалдағыш). Көліктік машина- адамдардың, материалдар мен бұйымдардың орын ауыстыруын қамтамасыз ететін жұмыс машинасы. Энергетикалық машина - энергияны түрлендіретін машина.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт