Тахир Абдухаликович Восилов (3 тамыз 1967 жыл РКФСР Владимир облысы Александров қаласы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ұлты - тәжік. Әкесі - Восилов Абдухалик Саншимуродович, инженер- құрылысшы. Анасы - Восилова Гальджиган Абдул-Хамидовна, бухгалтер.
Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін (1992) академиялық хор және эстрадалық ансамбль әртісі мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын (1997) театр және кино актері мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (2008) журналист мамандығы бойынша бітірген.
«Театр и жизнь одного актера» автобиографиялық повесінің, «Путь на сцену», «Зеркало успеха» жас актерлерге арналған көмекші құралдарының авторы.
1992 жылдан - Қарағанды музыкалық комедия төатрының хор әртісі. 1998 жылдан бері - Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрының актері. Келесі спектакльдерде ойнайды: С. Прокофьевтің, И. Токмаковтың «Андрей Стрелок и Марья Голубка» (Құбыжық; Алау) мысық Васька-Муська, 1998; У. Шекспирдің «Гамлет» (Жас актер; 2-ші Молашы; Розенкранц, 1998); А.С. Пушкиннің «Ай да Балда!» (Чертенок; Бесенок, 1998); А. Володиннің «Моя старшая сестра» (Кирилл, 1998); Ги де Мопассанның «Любовь» (Рене Лапьер, 1998); А.С. Пушкиннің 200-жылдығына арналған музыкалық-поэзия кешінде (1999); «Что за прелесть эти сказки»: «Аптын балық» (Пушкин) блогы, «Ай да Балда!» (Пушкин, Бесенок, 1999) блогы; В. Балашовтың «Святому братству верен я...» (Жас Пушкин, 1999); А.С. Пушкиннің «Прими собраньө пестрых глав...» (Пушкин, 2001); Н.В. Гогольдің «Беспримерная конфузия» («Ревизор») (Хлестаков, 2002); У. Шекспирдің «Он екінші түн» (Сэр Эндрю Эгьючийк, 2005) спектакльдері. Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық жас көрермендер орыс театрының кәсіподақ мүшесі.
Марапаттары
«Ильхам» сыйлығының лауреаты (2008). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Көзқарастары
Саяси қайраткер рөтіндөгі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан бүкіл дүние жүзіндегі ең үздік және бай елге айналады деген үміттемін». Хоббиі - театр. Сүйіп оқитын әдебиеті - «Орыс классикасын ұнатамын - А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Ф.М. Достоевский, А.С. Грибоедов, М. Әуезовтың пьесалары». Үйленген. Жұбайы - Велитченко Светлана Николаевна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:3 тамызда туғандар Санат:1967 жылы туғандар Санат:Владимир облысында туғандар Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері