Татьяна Николаевна Хромова 1980 жылы 26 ақпанда ӨзКСР Ташкент қаласында туған. Орыс. Әкесі - Хромов Николай Васильевич, қырнаушы. Анасы - Галина Борисовна, аспаз.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген (2004), оқытушы-жаттықтырушы.

Ауыр атлетикадан көп мәрте ҚР чемпионы және рекордшысы;

Азия Чемпионатының (Жапония, 2000), Әлем кубогының қола жүлдегөрі (Катар, 2002); Азия ойындарының қола жүлдегері (Пусан, 2002); Ауыр атлетикадан 2 мәрте Азия чемпионы (Алматы, 2004; Талдықорған, 2009); 77 кг салмақ дәрежесіндегі (2004) әлем рекордшысы (жүлқа көтеруден 120 кг нәтижесімен). ҚР Президентінің Алғыс хаты табыс етілген. Жаттықтырушысы - ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий МельниковОңтүстік қазақстандықтар Афина Олимпиадасында, "Кітап" ЖШС баспаханасы 8-бет

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша ауыр атлеттер Санат:Қазақстан ауыр атлеттері Санат:Ауыр атлетикадан Азия чемпиондары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Ташкентте туғандар Санат:1980 жылы туғандар Санат:26 ақпанда туғандар