Экономикалық конъюнктура - ұдайы өндірістің нақты тарихи ахуалда және рынокта көріну жағдайларын анықтайтын факторлардың жиынтығы. Оның қалыптасып, даму негізіне циклдық факторлар (негізгі капиталды жаңартудың қарқыны мен көлемі, түтыну тауарларына деген сұраным, несие-ақша саласының жайы және т.б.) жатады. Экономикада бұл нақты мерзім ішінде нарықты айқын көрсететін көрсеткіштердің бірі - сұраныс, ұсыныс және баға.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Банк терминдері