Талдысай (Көптамасай) – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді.

Бастауы Қоңыржал тауы беткейіндегі бұлақтар суынан түзіліп, Маңдайқақ көліне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 56 км, су жинауы алқабы 593 км2. Аңғары жатық, ені 300-500 м. Қар, жерасты суымен толысады. Жазда иірімдерге айналады. Жылдық орташа сушығыны 0,41 текше м/сек. Мал суарылады. Өзен алабында шабындықты жерлер көп.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы