Бауыржан Нұрсұлтанұлы Нұрмаханов (11 мамыр, 1961 жыл, Ақтөбе облысы, Ырғыз кенті) - жаттықтырушы, ҚР құрамасының еркін күрес бойынша аға жаттықтырушысы.

Өмірбаяны

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын (1985) зооинженер мамандығы бойынша; Ақтөбе педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін (1990) дене шынықтыру пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 1978 жылдан - Ақтөбе қаласының БСМ еркін күрес бойынша жаттықтырушысы. 1980 жылдан - Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының студенті. 1985 жылдан - Ақтөбе қаласының БСМ еркін күрес бойынша жаттытырушысы. 2005 жылдан бері - ҚР құрамасының еркін күрес бойынша аға жаттықтырушысы. ҚР еркін күресінен Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2000). Шәкірттері Жастар арасындағы әлем чемпионы (2000) Ибрагим Әбіл Әлем біріншілігінің жүлдегері (1998) Шамсутдинов Эльдар Азия ойындарының қола жүлдегері (2008), халықаралық санаттағы спорт шебері Сәниев Әбділхакім Әлем чемпионатының жүлдегері (2007), халықаралық санаттағы спорт шебері Жәнібекова Ольга

Отбасы Әкесі - Нұрмаханов Нұрсұлтан, зейнеткер, жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Мұхитова Баян-сұлу, зейнеткер, бухгалтер болып жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Нұрмаханова Мейрамгүл (1966 ж. т.). Балалары - Абылайхан (1992 ж. т.), Альбина (1994 ж. т.), Сара (1995 ж. т.), Қажыгелді (2001 ж. т.), Нәдиернар (2003 ж. т.), Инна (2006 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:11 мамырда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Ырғызда туғандар Санат:Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті түлектері Санат:Ақтөбе мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан жаттықтырушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары