Громотуха – Үлбі жотасының солтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 2495 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.

Жер бедері Пішіні дөңгелек, оқшау келген тау массиві. Беткейлері тік, солтүстік-батыс, батыс бөліктерінің тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Өсімдігі Таудың шалғынды топырағында субальпілік және альпілік шалғындар өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алтай ауданы таулары