Жұлдыз Тойбекова - (1967 жылы туған), ақын, журналист. Қарқаралы ауданының түлегі. 1984 жылы осындағы Алғабас орта мектебін тәмамдап, сол кездегі бастамамен комсомол-жастар шопандар бригадасында бір жыл еңбек еткен. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1990) . 1986-87 жылдары Алматы қаласында өткен Республикалық студент-жастар арасындағы ақындар айтысының, 1990 жылы Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлының құрметіне және республикалық «Лениншіл жас» газетінің 70 жылдық мерейтойына арнайы өткен республикалық ақындар айтысының жүлдегері. 1990 жылдан облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің әлеуметтік мәселелер бөлімінің қызметкері. «Көтердім ақжелкенін жыр-кеменің» атты жинақтың (2006) авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер