Шұғайбек Тілеубекұлы Тоқмағамбетов (1928-1994), кен инженері, көмір өнеркөсібін ұйымдастырушылардың бірі. Қазақтың кен-металлургия институтын бітірген (1949). 1949-1961 жылдары Қарағандыда шахталарында учаске бастығы, бас инженердің орынбасары, бас инженері. 1961-1970 жылдары Қарағанды кемір бассейніндегі аса ірі №22 шахтаның директоры, 1970-79 жылдары және 1992-94 жылдары «Қарағанды көмір» өңдірістік бірлестігінің техникалық директоры, 1979-1988 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 1970- 1988 жылдары КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігінін коллегия мүшесі болды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1972),3 мәрте Еңбек Қызыл Ту,2 рет «Кұрмет Белгісі» ордендерімен, 4 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған. «Шахтер данқы» белгісінің толық иегері.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1928 жылы туғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар