Жанабек Ибайраханұлы Жетіруов
1958 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы Қазалы ауданының Байқожа стансасында туған. Қазақ.
Әкесі - Жетіруов Ибайрахан, марқұм. Анасы - Жетіруова Бибіхан, марқұм.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (1986) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филолог мамандығы бойынша; 2-жылдық жоғары сценарийлік-режиссерлік курстарды (Мәскеу қаласы ,1993) ойындық емес кино режиссері мамандығы бойынша бітірген.
30-дан астам деректі фильмнің, атап айтқанда: «Минус Ре» (1992), «Телқара» (1995), «Қазақстан тарихына саяхат» (1997), «Атамекен» (2002), «Сырмен сырласу» (2003), «Махамбет» (2003), «Кенесары» (2004), «Желтоқсан алауы» (2006), «Болашаққа бастайтын жол» (2006) фильмдерінің; «Жол тексерушісінің жазбалары» (2006) көркем фильмі сценарийінің авторы және режиссері.
Қазақ, орыс және ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі.
КОКП мүшесі (1975-1989).
1975 жылдан - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Байқожа стансасы Батыс Қазақстан темір жолының 48-ші дистанциялық үзігінің темір жол монтері. 1979 жылдан - Киров атындағы зауыттың слесарі (Алматы қаласы ). 1986 жылдан - Жамбыл облысы Қордай ауданы Жаңа Александровка ауылындағы 3. Космодемьянская атындағы ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1988 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің деректі фильмдер жөніндегі әкімшісі. 1996 жылдан - «Хабар» телеарнасының редакторы (Алматы қаласы ). 1998 жылдан - ҚР Президентінің телерадиокешені ойындық емес кино шығармашылық бірлестігінің жетекшісі (Астана қаласы ).
2002 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК РМҚК (қазір - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) ойындық емес кино шығармашылық бірлестігінің жетекшісі. «Еуразия-2006» (Баку қаласы, 2007; Мәскеу қаласы , 2007);«Сенімді жүрек» (2007); «ФИПРЕССИ» (Италия, 2006) халықаралық байқалуларының бас жүлделерінің; Ханты-Мансийск қаласындағы халықаралық байқаудың «Қола тайга» сйылығының (2007) иегері.
Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Діни көзқарасы - мұсылман.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Шоқай, М.К. Ататүрік.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мен өз елімнің болашағына сенемін».
Хоббиі - әдеби сценарийлер, әңгімелер, өлеңдер жазу.
Үйленген.Жұбайы-Абдульдина Базар Шәріпқызы (1964 жылы туған),авиация колледжінің директоры, доцент. Ұлы - Жетіруов Арман (1990 жылы туған); қызы - Жетіруова Айжан (1998 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер