‎ Тоқсумақ бөгені (1939 жылға дейін Тоқсумақ көлі) — Қарағанды облысы Осакаров ауданының Озёрное ауылы жанында орналасқан бөген. 1939 жылы судың көктемгі ағысын бөгеу мақсатымен Тоқсумақ көлінің солтүстік жағалауының өн бойына топырақ үйіп бөгет арқылы жасалды.

Гидрологиялық сипаты Бөгеннің көлемі - 9,2 млн м³, айдынының ауданы - 4,6 км², ұзындығы - 3,2 км-ге жуық, ендірек жері - 2,8 км. Ең терең жері - 4 м. Қар және жер асты суымен қореқтенеді. Жағалауы жайпақ, түбі құмдауытлайлы. Суы тұщы, бірақ аздап кермектеу, суару үшін пайдаланылады. Балықтары: мөңке, қарабалық, шортан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы