Изостазия жорамалы. Изостазия (изостазиялық тепе-теңдік) заңдылығына негізделген бұл геотектоникалық жорамалды 1892 жылы алғаш ұсынған американ геологы Даттон. Бұл жорамалға сәйкес, эрозияға ұшыраған таулы өлке өз салмағын азайтуына байланысты изостазиялық тепе-теңдігін жоғалта отырып, жоғары қарай көтерілуге мәжбүр болса, осы өлкеге көршілес орналасқан, сөйтіп эрозияға ұшыраған материалдарды өз ауқымында жинатақтаған ойыс өлке өз салмағын арттыруына байланысты төмен қарай ойысуға мәжбүр.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ