Тамды – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 122 км, су жинау алабы 1540 км2 .
Бастауы Құркөл көлінен (Арғанаты тауының оңтүстік - шығыс беткейінде ) солтүстік -батыста 6 км жердегі бұлақтан басталып, Түсіп қыстағы тұсында Сарыторғай өзеніне құяды.
Гидрологиясы Қар, жер асты суымен толысады, сәуірде тасып, жазда тартылады. Жылдық орташа су шығыны 1,80 текше м/сек. Алабы шабындық, мал жайылымы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы