Автомобиль белдігі - автомобиль қаңкасын немесе шанағын демеуші, аспа мен доңғалақтар арасындағы әсер етуші барлық күштерді қабылдайтын, автомобильдің жүріс бөлігінің элементі. Жетекші белдік - бас берілісі, доңғалақ аралық дифференциалы, жетекші доңғалақ жетегі бар және доңғалақтары жетекші болып табылатын автомобиль белдігі. Екі сатылы белдік - жетекші белдік берілу санын басты берілуді, алмастыру арқылы өзгереді. Қатты белдік - ұштарында доңғалақтар орналасқан және тораптарының орналасуы аспаның деформациясынан тәуелсіз, катаң арқалық болып табылатын, жетекші белдік. Артқы белдік - көлік құралдарының қозғалыс бағыты бойынша екі соңғы, автомобиль белдігі. Аралас белдік - жетекші жане басқарушы белдіктердің қызметін атқаратын автомобиль белдігі. Маятниктік белдік - жетекші белдіктің топсасына жол үстімен салыстырғандағы күпшек өсі бұрышының өзгерісі түйіндердің өзара орналасу өзгерісінен шектес. Алдыңғы белдік - көліктік құралдарды бірінші жүріс қозғалысқа келтіретін автомобиль белдігі. Демеуші белдік - доңғалақтары жетекші де басқарушы да емес автомобиль белдігі. Сүйреуші белдік - негізінен көп жағдайда тіркемеден немесе жарты тіркемеден ажыратылатын, аса ауыр жүктерді тасымалдауға арналған автомобиль белдігі. Аралық белдік - автомобильдің алдыңғы және артқы белдігі арасында орналасқан белдік. Өтпелі белдік - айналдырушы иінді күштің бір бөлігін немесе жетекші белдікке беретін, бас берілістің өтпелі білігі бар жетекші белдік. Жалғыз доңғалақты белдік - әр жағына бір доңғалақтан келетін автомобиль белдігі. Қос доңғалақты белдік - әр жартылай өсі күпшегінде екі доңғалақтан орналасқан, негізінен, артқы белдік. Басқармалы белдік - доңғалақтары басқарылатын автомобиль белдігі. Топсалы белдік - автомобиль қозғалысының өзгеруі кезінде тораптардың салыстырмалы орналасуы ілмекті серпімді элементтердің деформация шамасында болатын автомобиль жетекші белдігі.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт