Дәмір Кәбекеұлы Манабай (1946 жылы 11 маусымда Шымкент қаласында туған) - режиссер.

Әкесі - Манабаев Кәбеке, марқұм, инженер-технолог болған. Анасы - Манабаева Софья Абдуллақызы, марқұм, экономист болған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кино және теледидар режиссурасы факультетін бітірген (Мәскеу қаласы, 1978), ойнау фильмінің режиссері. Профессор (2009 жылдан).

Толық метражды «Раушан», «Туған дала», «Айқай», «Сұржекей - өлім періштесі», «Қазақы оқиға», «Кек» фильмдерінің авторы. 1966 жылдан - Қаратау қаласында электрик (Жамбыл облысы). 1973 жылдан - Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының студенті. 1978 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы-режиссері. 2001 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. ҚР Кинематографистер одағының мүшесі. Үйленген. Жұбайы - Манабай Сара Құсайынқызы (1946 жылы туған), зейнеткер. Қыздары - Жанна (1980 жылы туған), Динара (1982 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1946 жылы туғандар