Сламбек Тілеуғабылұлы Тәукелов - 1948 жылы 2 сәуірде Павлодар облысы Михайлов ауданының «Жаңабет» ұжымшарында туған. Қазақ.
Әкесі - Тәуекелов Тілеуғабыл, марқұм. Анасы - Сыздықова Мәскен Мұхамеджанқызы (1918 жылы туған), зейнеткер, ауылшаруашылық саласында жұмыс істеген.
Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының экономика факультетін бітірген (1971), кино және телеөндіріс ұйымдастырушысы.
«Шұғыла» мультипликациялық фильмі сценарийінің (1975); 200-ге жуық мақала мен жарияланымның авторы.
Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1971 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, директоры. 1973 жылдан - ҚР Мемкино төрағасының орынбасары; сонымен қатар ҚР Мемлекеттік мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры. 1991 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігінің режиссері. 2001 жылдан - «Қазақстан» Республикалық телеарнасы басқарма төрағасының орынбасары. 2004 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы.
2006 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы, ойын фильмдерінің қоюшы режиссері. «Батыр Баян» (1993), «Махамбет» (2008), «Атажұрт» (2010) кинофильмдерінің қоюшы-режиссері; «Армысың, Наурыз!», (1991), «Жоғалған өлке» (1992), «Киіз үй гимні» (1991), «Наурыз» (1997), «Асанәлі» (1998), «Бір бала» (2004) және тағы басқа деректі фильмдердің режиссері.
Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, хатшысы (1973).
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1978). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2008).
Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди, М.К. Ататүрік.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өте оптимистік. Үміт бар».
Хоббиі - аңшылық, балық аулау, бильярд.
Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Тәуекелова Жібек Бегәлиқызы (1948 жылы туған), зейнеткер. Ұлдары - Рүстем (1970 жылы туған), Ғалымбек (1982 жылы туған); қызы - Ғалима (1975 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1948 жылы туғандар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:Қазақстан режиссёрлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері