Есмұхан Мұхитұлы Жанұзақов (1932 мамырдың 5-інде Атырау облысы Исатай ауданы Мыңтөбе ауылы туған) – физика-математика ғылымдарының докторы (2001).

Қысқаша өмірбаяны

1954 - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1955–63 - Атырау педагогикалық институтында аға оқытушы; 1962–66 - Қазақ политехнологиялы институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университет) аға оқытушы болды. 1966–69 - Мәскеу авиация институтының аспиранты; 1970–73 - Қазақ политехнологиялық институтында доцент; 1972–97 - кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Есмұхан Мұхитұлы Жанұзақов 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Атырау облысында туғандар Санат:1932 жылы туғандар Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар