Геологиялық картаға түсіру әдісімен іздеулер Кенорындарды іздеу кешеніндегі негізгі әдіс. Бұл әдіс мына шараларды қамтиды:

1) пайдалы қазба кенорындарының жер қыртысында орналасу заңдылықгары мен іздеу алғышарттарын анықтау мақсатында бұған шейін дайыңдалған геологиялық, геоморфологиялық, палеогеографиялық, тектоникалық т.с.с. карталарды және олардың түсініктемелерін жан-жақгы талдау;

2) жекелеген кенді алаңшалардың перспективаларын бағалай отырып металлогениялық карталар мен болжам карталарын дайындау;

3) дайындалған болжам тұрғызымдарының дұрыстығына көз жеткізу және қосымша іздеу белгілерін анықтау мақсатында далалық іздеу және геологиялық түсіру жұмыстарын жүргізу;

4) зерттелген ауданда табылған пайдалы қазба кенорындарын перспективалық бағалауға және бүкіл іздеу жұмыстарының қорытындыларын тұжырымдауға негіз боларлық есепнамалық геологиялық, құрылымдық, қойнауқаттық, геохимиялық шаймалау т.с.с. карталарын және олардың геологиялық қималарын дайындау.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ