Көшеге Кеңес одағының батыры Никифор Акимович Ахрименконың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 17.12. 1958 №ЗЗ шешімі) берілген. Ахрименко Никифор Акимович (1914-1944) Ресейде туған.
Көше Әуезов ауданында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып, Алматының батыс шекарасына қарай созылып жатыр. Есенин, Качалов, Войков, Рысқұлов даңғылымен қиылысады. Көшенің ұзындығы - 1620 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері