Көшеге қоғам қайраткері, қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Дихан Әбіловтің есімі (Алматы қаласы мәслихатының 02.03.2008 №83 шешімі мен Алматы қаласы әкімдігінің 14.03.2008 №2/139 қаулысы) берілген. Әбілов Дихан (1907-2003) Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылды қыстауында дүниеге келген. Ол - Қазақстан жазушылар одағының хатшысы, 1938-1939 жылдары төрағасы, 1939-1940 жылдары - Қазақстан жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры қызметтерін атқарған.
Көше Әуезов ауданындағы «Қалқаман-2» шағынауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 1000 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері